Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жақсының жақсы білер сымбатын,
Жаман қайдан білсін, ненің арзан-қымбатын.


Жақсының жаны — жәннат.


Жақсыны көрмек үшін.


Жұрт жаманға қалды,
Жүк тайлаққа қалды.


Жақсының жауы көп,
Жаманның дауы көп.


Жөңді салсаң нарға сал,
Жөң қорқытар жампозды.


Жолаушыға лайық жол тұрады,
Жампозға лайық қом тұрады.


Жақсыдан бау қалады,
Жаманнан дау қалады.


Жалғыз өркеш түйенің бәрі нар,
Дегенмен нардың да нары бар.


Жапалақ көрсең атып ал,
Жаманнан басынды сатып ал.


Жар басындағы жантақты,
Жаннан кешкен нар жейді.


Жалғыз түйе бақырауық.
Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады.


Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес кешуге.


Жаман адамға іс түссе,
Жаныңды сұрар шешуге.


Жақсының шапағаты тиер тар жерде,
Жаманның кесапаты тиер әр жерде.


Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.


Жақсыны жаман десең,
Аққудай мойнын созады.


Жаманды жаман десең,
Аяғынан тозады.


Жақсының басына іс түссе,
Бойлай береді.


Жаманның басына іс түссе,
Ойлай береді.


Жақсыға — ізет, жаманға — күзет.


Жақсының айтқан ақылы
Алуа, шекер, балмен тең.


Жақсымен сөйлессең, көзің ашылар,
Жаманмен сөйлессең, көңілің басылар.


Жақсымен сауда қылсаң, түбі — біліс,
Жаманмен сауда қылсаң, түбі — ұрыс.


Жақсымен бірге жүрсең,
Жақсы боларсың.


Жаманмен бірге жүрсең,
Жақсымен жүрсең — пейіш,
Жаманмен жүрсең — кейіс.


Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.


Жақсыдан қол үзбе, жарар көп күнге,
Жолдас болмас бұл дүние, қарар қылмыс
ешкімге.


Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *