Жақсы жатырқамайды,
Аңқау аңдамайды,
Әңгі тыңдамайды.
Жақсы жерге жатсаң,
Жақсы түс көрерсің.
Жаман жерге жатсаң,
Жаман іс көрерсің.
Жақсысының қасиеті — жанастыру,
Жаманның қасиеті — таластыру.
Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман маңыңа жолдас.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашы болар.
Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.
Жақсы алдында жадырарсың,
Жаман алдында тарынарсың.
Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.
Жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар.
Жақсыға сөз ереді.
Жақсымен жолдас болсаң,
Несібі жұғар.
Жаманмен жолдас болсаң,
Кесірі жүғар.
Жалғыз қаздың үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
Жаман жасаққа қарамайды,
Желінсау қосаққа қарамайды.
Жауға жаның ашымасын.
Жақсы қошқар жарты отар қойға тең.
Жүн керек болса қойды қазанда қырық,
Қой керек болса мизамда қырық.
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көреді.