Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.


Жанған от тәнді жылытады,
Жақсы сөз жанды жылытады.


Жақсы сөз — жан азығы.


Жақсы лепес — жарым ырыс.


Жаман көлдің суы ащы,
Жаман адамның тілі ащы.


Жер астында жатқанды,
Қазбай қарап, тіл табар.


Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.


Жаманның жаны қымбат,
Жақсының ары қымбат.


Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.


Жақсы ай мен күндей,
Жақсылығы баршаға бірдей.


Жақсы — текшіл, жаман — кекшіл.


Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.


Жақсы көпке қулық қылмайды,
Азға сорлық қылмайды.


Жақсы іске келді,
Жаман асқа келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *