Алыс жолдан асығып,
Жетті көктем – келіншек.
Бұтақтарға асылып,
Жылайды қар көңілшек.
Келді көктем – келіншек,
Көк көйлегі көлеңдеп.
Салып жатыр көп өрнек,
Жайып жатыр көп өрмек.
Жұрттың бәрін сүйеді,
Қалса керек сағынып.
Билеп, ойнап, күледі,
Жапырақты жамылып.
Сырбай Мәуленов