КЕШІРЕ ГӨР, ХАН ИЕМ!(Абылай хан аруағына)

Кешіре гөр, хан ием,
Кешіре гөр, хан ием!
Жеттім саған кешігіп.
Сыбырладым сыртыңнан,
Сыр айтпадым шешіліп.
Үмітімнің қанаты
Қайта-қайта кесіліп.
Түсі суық сұр заман
Тұрып алды өшігіп!
Кешіре гөр, хан ием!
Атамадым атыңды,
Оқымадым хатыңды.
Тарландарым тал түсте
Тіл қата алмай атылды.
Тұқымы асыл нәсілді
Тұңғиыққа батырды.
Қайран халқым
Қамығып,
Қан жұтты да қапылды!
Кешіре гөр, хан ием!
Шер құштырдым қыранды,
Желге ұштырдым мұраңды.
Аяқтамай тастадым,
Айта беріп бір әнді…
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *