Әуелден жыр мұратым

Әуелден жыр мұратым,
Ән мұратым,
Жасауға мен дайынмын жанға рақым.
Егерде бұзған болсам елдің сертін,
Жазамды өзі берер Жамбыл ақын.
Жолындай бұра тартып басқа өлеңнің,
Жағдайын көрсетерсіз сасқан ердің.
Тәтемнің айтқан сөзі:
«Қан майданнан
Қалмасын бір баласы Қаскелеңнің!»
Ақсақал, көне алмаймын билігіңе,
Шама жоқ, шалқаюға, илігуге.
Ал тіпті, керек десең,
Біздің міндет –
Ұсыну еңбекпенен сый бүгінге.
Кезсең де қай ауылды,
Қай өлкені,
Бәрінің өскен бүгін ой өркені,
Ақсақал, бұл сөзіңе көне алмайды…
Көне алмайды…
Қаскелең военкомы! –
Деді де трубканы ұрды қатты,
Ширығып өз-өзінен тұрды қатты.
Ақынның көз алдынан сол бір сәтте,
Сусылдап сұмдық сурет сырғып жатты…
***
…Өр ақын өрекпиді,
Долданады,
Долданып, қалам ұшын қолға алады.
Тізімнен тінтіп жүріп тауып алды
Әкесі қолқалаған сол баланы.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *