Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жақсыға жанас, жаманнан адас.


Жаман тумай жатып шөгеді,
Жанбай жатып сөнеді.


Жақсыға сұқтан,
Жаманнан сақтан.


Жаманға қарғыс болмаса, алғыс тимейді.


Жаман адамға жақсы құрмет жараспас.


Жаманның аяғы сегіз,
Бірі шалмаса, бірі шалады.


Жаманды жіберсе еркіне,
Күнде тышар бөркіне.


Жаман топ көбейтеді,
Алма боқ көбейтеді.


Жалы барда арыған,
Жаман аттың белгісі.


Жаны барда жалынған,
Жаман адам белгісі.


Жұн жеп, жабағы тышқан.


Жаман жанындағысын қарақтайды.


Жақсы жүрген жерін мақтап жүреді,
Жаман жүрген жерін даттап жүреді.


Жақсыға айтсаң бітірер,
Жаманға айтсаң жекірер.


Жақсы пышақ өтпейді жаныса да,
Жаман «арма» демейді таныса да.


Жақсы бала ойшыл,
Жаман бала тойшыл.


Жақсы ашып жер,
Жаман басып жер.


Жақсымен жолдас болсаң,
Алуа мен шекер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *