Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер


Жаманнан да жаман бар.


Жақсысы болса қостай бер,
Жаманы болса тастай бер.


Жақсы келді дегенше,
Жарық келді десеңші.


Жақсылықтың уытын,
Алып келді десеңші.


Жаман ердің қайғысы,
Өз отының қасында.


Жақсы ердің қайғысы,
Ауылының басында.


Жаманға жан жуымас.


Жаманның төрінде болғанша,
Жақсының есігінде бол.


Жаманның ойны жаман,
Шошқаның мойны жаман.


Жаманның көрсеткенінен,
Жақсының айтқаны анық.


Жаманның қолына бергенше,
Жақсының жолына бер.


Жаманның жаны қадірлі,
Жақсының ары қадірлі.


Жаманның бір ісі артық —
Жағасы жыртық.


Жаманның әлі жапалаққа жетеді.


Жаманмен егес, жақсымен кеңес.


Жаманмен ауыл болғанша,
Жақсымен қауым бол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *