Жастық — мастық.
Жас жалтаңға қашады,
Кәрі қалыңға қашады.
Жастық — жалын,
Кәрілік — көмір.
Жасың қырыққа келген соң,
Аяғыңа шідер түсер.
Жасымда бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
Жас кезінде үйренсең,
Қартайғанда көндігерсің.
Қартайғанда үйренсең,
Көндіккенше көмілерсің.
Жаман киім жасты кәрідей етеді,
Кәріні перідей етеді.
Жас кезінде үйленсең,
Ақыл кіргенде бала тәрбиелейсің.
Жастықта ойға алғанның қиыны жоқ,
Қартайғанда ол істің қиюы жоқ.
Жастың жүрген жері — мереке,
Қарттың жүрген жері — береке,
Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.
Жастық — жалын, кәрілік — құл.
Әжім — әжемнің әрі,
Демеңіз оны кәрі,
Кәрінің сөзі — дәрі.
Жас кезіңде жалында,
Жас келген соң дамылда.