ЖЫР ЖОЛЫ

 
Асқақты көңілім басылмай,
Өтеді шалқып уақытым.
Қанатын қағып лашындай,
Қасымда жүр бақытым.
Өмірдің алуан сырларын
Жүргенім жоқ аз ұғып,
Тумаған әлі жырларым,
Жанымда жатыр жазылып.
Қилы-қилы жыр жолы,
Бірте-бірте өтермін.
Жетпегенмен бір жолы
Шыңына өрлеп жетермін
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *