Асарын асап, жасарын жасаған.
Адам өзінен кейінгіні көріп қартаяды.
Ақылды қария — ағынды дария.
Аға болсаң — ақыл айт,
Ақыл айтсаң — мақұл айт.
Айдынның аққуы кетіп, қазы қалды,
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.
Аш адамнан ақыл сұрағанша, жас адамнан сура.
Алпысқа келгеннен ақыл сұрама.
Алпыс — тал түс.
Бір жастан асқан бала ақылды етеді.
Бала жүгірсе, қарттың қарап отырып аяғы
сықырлайды.
Бет қызылы басылып, ет қызуын қашырып.
Бір аяғы жерде, бір аяғы көрде.
Дәме бар, дәрмен жоқ.
Дырдушыл жастық,
Қауқарсыз қарттық.
Елу — ердің жасы,
Алпыс — ел ағасы.
Елу — шылбырдан алады,
Алпыс — тізгіннен алады,
Жетпіс — өре салады,
Сексен — тұсау салады,
Тоқсан — толқып қалады.
Жас-жастың тілегі бір,
Жібектің түйіні бір.
Жастың тағасы солқылдады дегенше,
Қарттың тұяғы тынды десеңші.
Жасында мешел болған,
Қартайғанда қайыр сұрайды.
Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.
Жастықта да кәрілік тұр,
Байлықта да жарлылық тұр.