МЕН ҚАЛАЙ «ШАЛА ҚАЗАҚ» АТАНДЫМ?

Бейбіт елде болмаса да қатал күн,
Бейқам жүріп «шала қазақ» атандым.
Арғы тегін анық білмей атамның,
Ар-намыссыз «шала қазақ» атандым.
Қасиетін қастерлемей сақалдың,
Қас надандай «шала қазақ» атандым.
Мағынасын түсіне алмай мақалдың,
Масқара боп «шала қазақ» атандым.
Жайын ұқпай «жағрафия» – жаһанның,
Жайдақ жүріп «шала қазақ» атандым.
Мәнін білмей әуен, әуез, мақамның,
Мәңгүрт болып «шала қазақ атандым.
Бұлақ едім – таусылуға тақалдым,
Булықтым да – «шала қазақ» атандым.
Ашық күнде шырмалдым да, шаталдым,
Ашындым да – «шала қазақ» атандым.
Құса болып құстым, талай қақалдым,
Құсылдым да – «шала қазақ» атандым.
Өз баласы болам қалай Отанның,
Өз үйімде «шала қазақ» атандым!
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *