Көп болды күннің көзін көрмегелі

Көп болды күннің көзін көрмегелі,
Көп болды қаталап мен шөлдегелі.
Көп болды еркін желмен асыр салып,
Көңілдің ұшпағалы көк дөнені.
Қадалған қозғалтпайды ілкіде оқ,
Еріннің ебі кеткен, күлкі де жоқ,
Кеудені көп жыл бойы суытпаған,
Сөнді ме, кім біледі бір күнде от.
Бір кезде болды уақыт жарқылдаған,
Қанды асу, қазған ордан тартынбаған.
Бұл кезде ауыр жара жанға батып,
Бүріп ап бүлк еткізбей алқымдаған.
Білмеймін осы арада жоғалам ба,
Кездесіп доспен енді қол алам ба,
Жүрегім жалын атып, қайрат жиып,
Айқастың алаңына оралам ба.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *