Қан жоқ,
Сөл жоқ сұп-сұрғылт реңімде,
Қалай төзіп барамын тірі өлімге?!
Емі-домы әзірге табылмай тұр,
Үш жарам бар –
Ұшынған жүрегімде!
Бірі – Арал –
Азаптан арылмаған.
Бірі – Семей –
Өкпесі қабындаған.
Үшіншісі – Зайсанның зілзаласы,
Көмек сұрап басқаға жалынбаған.
Айта берсем,
Тағы да табылады.
Ақырзаман –
Ай мен Күн шағылады!
…Өткен күнге өкпелеп жүрген халық
Өткен күнін бір кезде сағынады!
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ