Иінағашы иығында

Иінағашы иығында
Зеравшаннан су алып.
Кетіп барад Гүлханым
Алма ағаштай бұралып.
Кетіп барад Гүлханым
Бойлап өзен кемерін.
Тотықұстай толқыта
Шырқап өзбек өлеңін.
– Мархабаты көсемнің
Жасыл кілем жер беті.
Шарапаты көсемнің
Зеравшанның шербеті.
Кетіп барад Гүлханым
Осылайша жыр шырқап.
Зеравшаннан су ішіп,
Кеттім мен де бір шырқап
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *