Қабағына мұз қатқан

Қабағына мұз қатқан
Қарайды тау түнеріп.
Хабар болмай біз жақтан,
Көзіне жас тіреліп.
Ашылмайды жыр бағы
Сіңбеген соң санаға.
Болмай әбден бір бабы,
Өң кірмеді далаға.
Ойламаймыз расында,
(Кеттік білем, қарау боп!)
Алматының қасында
Алатауы бар-ау деп.
Жылаймын да егілем,
Еске түспей ескі атау.
Көңілімнің көгінен
Көрінбейді Көкшетау.
Соқыр болдық көруге,
Қиялға да кедейміз.
Қазағымның жерінде
Қаратау бар демейміз.
«Миғұла» деп тілдесе,
Қалай шыдап көнермін?!
Ұлытауды білмесе,
Ұрпағыма не дермін?!.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *