ТҰМАР ХАНШАЙЫМ



Ертеде дархан даланы емін-еркін жайлаған скиф пен ғұн тайпалары мәңгі өшпес із қалдырды, кең өріс көкжиекте өсіп-өнді. Өркениет өскіндерін өркендеткен, қандастарын бірлік пен тірлікке үндеген Тұмар патшайым билеген заманының көмескі ізі адамзат зердесінде еміс-еміс сақталып қалыпты.
Тұмар патшайым – халық жадында жаңғырып, жатталып қалған ежелгі ерлермен қатар тұратын, есімі алтын әріппен жазылған ерекше тұлға. Халық қамын жеген қаһарман қыз құлан жортып, қыран ұшқан кең дала төсін қас дұшпанға бастырған емес. Патшайымның тек перизаттардан тұратын атты әскері дұшпандарға қорқыныш ұялатып, үрейін ұшыратын.
Қаһарлы қылышынан қан тамған парсы патшасы Кир Тұран ойпатына сұғына еніп, сақ патшайымы Тұмарға кісі салады. Кирдің көзі массагеттердің ұлан-ғайыр жеріне түскенін түсінеді де, Тұмар оның бетін қайтарады. «Басқа жердің де, елдің де қажеті жоқ, бірақ көгілдір күмбезді көгі бар бетегелі боз даламызды біз ешкімге бермейміз», – дейді ол.
Тұран топырағында құлақ естіп, көз көрмеген қанды қырғын парсылықтардың ойсырай жеңілуімен аяқталады.
Тұмар патшайым аяулы атамекенді көзінің қарашығындай қорғап қана қойған жоқ, астамшылықпен келген басқыншыларға күйрете соққы берді, елінің асқақ рухын биік көтерді әрі жеңістерге жігерлендірді. (166 сөз)

«Тұран тәңіриясы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *