Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім. Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуміз достасып кеттік.