СЕРІКТЕР

Бұл өмірге қуаныш боп,
Көрік боп,
Адалдыққа, махаббатқа жерік боп,
Өмір сүріп жүргендердің ішінде,
Санай берсең, бәрінен де «Серік» көп.
Сен де Серік,
Мен де Серік –
Танып қой.
(Серіктерден көз сүрініп, жалықты ой.)
Ал, бірақ та,
Баласына кім болсын
Жаман есім бермейтіні анық қой.
Баласына ат қоймайды бекер жұрт.
Оның ылғи заты – жолдас, аты – ерлік.
Бірі – шопан,
Бірі – малшы, күзетші,
Серік деген қайда болсын жетерлік.
Серік деген есім жұртқа ұнайды.
Бірі – сұңғақ,
Бірі – сымбат, шырайлы.
Серіктердің басын қосса шынында,
Анау-мынау ауылыңды құрайды.
Біреуі бар Москвада тұратын,
Ал біреуі тапты БАМ-нан мұратын.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *