МІНДЕТТЕМЕ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ

 

Ықпал ету шеңберіміздің дәл ортасында міндеттеме алу және орындау қабілеті тұр. Өзіміздің және өзгелердің алдындағы міндеттемізге адалдық таныту бізді проактив жан ретінде көрсетеді. Сонымен бірге бұл — дамуымыздың негізі. Адам баласына тән сана-сезім мен ар-ұжданның арқасында біз өзіміздің әлсіз тұстарымызбен қатар, дамытқымыз келетін қабілет-қарымымызды, талантымызды, мінезімізді, өзгертуге, әлде арылуға тұрарлық әдеттерімізді байқаймыз. Одан кейін өзіміздің ой-қиялымыз бен тәуелсіз ерік-жігерімізді әрекетімізге ұластыру арқылы уәде беру, мақсат қойып, соған талпыну арқылы мінезболмысымыздың негізін қалаймыз, сөйтіп, өміріміздегі жағымды құбылыстарға жол ашамыз. Осы жерде өмірімізді тез арада өз қолымызға алудың екі амалы алдымыздан шығады. Біз уәде беріп, оны орындай аламыз. Немесе, мақсат қойып, оған жеткенше, жатпай-тұрмай еңбектенеміз. Тіпті кішкентай болса да, міндеттеме алып,
оны орындау ішкі өзегімізді бекіте түседі. Ол біздің өз өмірімізге үлкен жауапкершілік сезінуге көмектесетін өз-өзімізді игеру, батылдығымыз бен күшімізге сенімділігімізден көрінеді. Өзіңе немесе өзгелерге берген уәдеңді орындау арқылы біз бірте-бірте ерік-жігерімізді көңіл күйімізге бағындырмауға үйренеміз. Өзіңе уәде беріп, оны орындай білу — тиімділіктің негізгі дағдыларын қалыптастырудың іргетасы. Білім, икем және ниет ету өз қолымызда. Біз осы үшеуінің ортасында тепе-теңдікті ұстап тұру үшін, әрқайсысын жетілдіруімізге болады. Бұл бір-бірімен қиылысқан сайын, дағдыларымызға негіз болған принциптерді иегереміз. Сөйтіп, өміріміздің үйлесімді дамуы мен тиімділігі артуына қажет мінез күші қалыптасады.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *