ТАЯҚТЫҢ БІР ҰШЫ

 

Өміріміздің өзегін толық ықпал ету шеңберіне ауыстырмас бұрын қамқорлық шеңберіндегі назар аударуға тұрарлық екі жайтты мұқият қарастыру кажет. Олар қателіктер мен салдары. Қалай әрекет ететінімізді өзіміз шешкенмен, бұл әрекеттің салдары қандай боларына билігіміз жүрмейді. Салдар табиғи заңдылыққа бағынады. Олар қамқорлық шеңберіне тиесілі. Біз шешім қабылдап, жүйткіп келе жатқан пойыздың жолына тұра аламыз. Бірақ пойыз бізді басып кеткеннен кейін, не боларына жауап бере алмаймыз. Іскерлік қарым-қатынаста алақол әрекетке баруымыз мүмкін. Бізді әшкерелеудің әлеуметтік салдары әрқалай болуы мүмкін. Ал өз мінезімізге қатысты табиғи салдары анық болады. Мінез-құлқымызды принциптеріміз басқарады. Принциптерге сай өмір сүрсек, мүның салдары оң, бұзсақ — теріс болмақ. Иә, біз реакция таңдауда еркінбіз. Бірақ оны таңдаған соң, соңынан туындайтын салдарын да таңдаймыз. Басқаша айтқанда, «таяқтың бір үшын көтерсек, екінші ұшы да көтеріледі». Әлбетте, жерден көтерген таяғымыз басқа болып шыққан сәттер әрқайсымыздың өмірімізде кездескен шығар. Таңдауымыз алдын алуға болатын салдарға апарып соқты. Қайта таңдау жасауға мүмкіндік болса, шешіміміз мүлдем басқа болар еді. Мұны қате дейміз. Оған дұрыстап көңіл бөлу қажет. Қате жасадым деп өкіне беретін адамға проактив болу үшін, өткен қателерінің бәрі алаңдау шеңберінде жасалғанын түсіну маңызды. Біз өткен өмірге оралып, қателерімізді айналып өте алмаймыз, қатенің табиғи салдарын өзгерте алмаймыз. Ұлдарымның бірі колледждің футбол командасында жартылай қорғаушы позициясында ойнады. Ойын кезінде өзі немесе командаластары қате жіберсе, матч біткен сайын, білегіндегі резеңке бауды шартылдатуды әдетке айналдырды. Бұл жолғы қате келесіде қайталанбауы үшін өздеріне осыпай психологиялык нүкте қояды екен. Қатеге қатысты проактив амалдың мәні қатені бірден ұғынып, одан сабақ алудан, тез арада түзеуге тырысудан көрінеді. Мүндай тәсіл сәтсіздікті жетістікке айналдырады. IBM негізін қалаушы Т.Дж.Уотсонның айтуынша, «Жетістік — сәтсіздіктің келесі беті». Қатені мойындамаса, уақытылы түземесе, одан сабақ алмаса, ол басқа деңгейге өтеді. Мұндай кезде адам болған жайтқа ақталу жолын іздеп, өзін-өзін алдауға, өзіне шаң жуытпауға кіріседі. Жасыру — алғашқы қатені ушықтыра түсетін екінші қате, оның салдары адамға ауыр тиюі мүмкін. Бізге өзіміздің не басқаның қатесі емес, сол қатеге реакциямыз зиянын тигізеді. Шағып алған жыланды ұстаймын деп әуреленіп жүргенде, у денеге жайылып кетеді. Одан гөрі уды дер кезінде бейтараптандырған жөн. Кез келген қатеге реакция алдағы өміріміздің сапасына эсер етеді. Қатеңді мойындап, дереу түзету керек. Сонда ғана кёлесі келешектің билігі қатенің шырмауында емес, өз қолымызда болады.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *