Үрленіп келген үні мен
Шырақтары ұдай.
Үстінде түгі жоқ, бірақта:
Тұрақтары бай.
Тереңде сылдырап ақса да
Кереңге естілмей
Теңізге қашқан тентек
Бұлақтарым-ай.
Қобыздың үнін қайталар
Қызыл құрақтарым-ай!
Басқаны жарық қып, өзі
өшкен тірі –
шырақтағы май.
Талай платформаларға, қандары
Жабысып…
Қаңқасы шіріген
Аңқыл «дурактарым-ай…»
Маңдай терімен тас қашап,
Арпа суарған,
Бір кесел кезіге беретін еді солай,
Жарқа сыңарға əм.
Қолқасын қиса да
Қолынан ала алмай,
Қорқатын жауы.
Қолдырап қалған даласын
Қорыған «арты ашық» Аңнан.
Асқазанында артықша қалтасы бардан:
Арқасы қалған бəдіз-ді,
Мойыны кесілсе де:
Əйтеуір, арқасы қалған.
Жартасы қалған
Ұятын сақтап, ұрықын
Қорғаған.
Осы «арты ашық» аңнан.
Бұл дала, дала емес – бабаның
Ашыған Миы,
Пернеге тоқтаған сан ғасыр
Тасыған Күйі.
Тұманды көктен мөп-мөлдір
Жас болып тамады.
Бүгін.
Жасаған Тəңірдің жасыл
Əлдиі.
Шалғайда жатса-дағы шаранасы мен
Шашырандысы.
Бал қаймағына батады санасыз
Асырандысы.
Ішінен іруге жақынбыз
Ілкіде оянған.
Ғасыр шыңдаған алауы –
Запыран құсып.
* * *
Ой түбінде күбірлеп… Жынды қисын…
Сан мың жұлдыз кезіп жүр
Түнгі Ми ішін.
Бозамық бұлт ай жүзін
Жасырады
Самал ғана сүйрейді жыңғыл иісін.
Мұз қабатын қақ тіліп
Тамыр ағып.
Сыздың сырын сыртқа айтты ол
Дабыра ғып.
Түйекөлдің жанары түпсіз,
Үнсіз.
Алатаудың аялы шаңырағы
Ық.
Көмейінде байғұздың күй
Кісінеп.
Қилы сурет үрейің, қилы
Үш леп!!!
Мəжнүн талдар мəңгіріп
Сілейеді,
Көксеректің ернінен сүйгісі кеп.
Бұлт бетінен тамады
Алғашқы ұғым,
Сол арқылы тастайды жанға
Ұшқынын
Жұлдыз кешіп қаңғырған
Ес жүзінде:
Қалам жортты ізіндей
Албастының.
Өскемен, 02.05.2007
СҰРАҒАН РАХМЕТ