ЖАҢЫЛУ

Күндерді аңсаған айды алыс көрмей,
Күптей көбіліктік майға піскендей.
Ғайбаттың өртімен қалқан жасадық,
Ғаламды ойнатқан
Қайлалы іскердей.
Арзандау тамсанып талықсып келеміз
Асаулау ұйыған айран ішкендей.
Күл шашып күндейді жақын адамың
Əңгүдік бұлты ұрды қапы-наланың.
Заңдылық шарттары тар қылып тұсайды
жүйкеңді.
Малғұнды мақтайды, (Масқара!)
Сахнада кім?
Пəтуə демінен дəмету қызық
Артынан қуалай ақыл-аданың.
Алдыңда кəдімгі бақстан өткелі
Сол өткел болмаса шатысқан ек тегі…
Насыбай жегізіп, нанды тепкізді,
Нарқы ақымақтардың нақышты əлектері.
Ая, алып тарақан,
Бая сары күн бұйдасын сүйретіп,
Бағзы сүрлеумен батысқа беттеді.
Сахара айналып барады-ау,
Сайра құс керней,
Жападан сауға тілейміз жай намыскердей.
Шашылған тары жеп, топырақ танимыз
Ұжымақтарда,
Сəлем Сардала жайдақ үстелдей.
Ақ бұлақ ауады бұл жақтан
Алаңы тарлау сайға күш бермей.
 
Мас болып мейіріміне алап қырдың
ұйқысыз бір түн кешіп,
Таң аттырдым.
Шығыстан шыққан күнге тағзым етіп
Телміріп Бүркіт жаққа қарап тұрмын.
Теңіз ой түбі құрдым
Терең лай.
Жұтасың сорлы ақынды неге бұлай?
Еркіндік таланында жүрген жанның
Ес түсін жаңылтпашы, Еге Құдай.
Жүйкеңді жұқартады жеңіп бір мұң
Жанарда жасыл тұман, елік кірбің.
Кемді күн керіш сөзден жеріп, қашып.
Мен бүгін Қарасуға келіп тұрмын.
Көтеріп Көксеркеден шөккен нұрды
Көк таудың бөктерінде көктем жүрді.
Өріктің қарағындай көздері бар
Көрінді сыңар аққу өткен жылғы.
Келетін аққуымен, дауылменен
Не деген тамаша еді сəуірде өлең.
Сыңарын іздеп жүрген аққуды ойлап
Сəл ғана жеңілдеді ауыр денем.
* * *
Мауқара Абай досым айтқан…
Өтпелі шақ кездессін,
Аспалы шақ.
Сұрағанның жері кең,
Аспаны сақ.
Шатақ үшін, тырнақтай атақ үшін
Қазан шұңқыр қазбайды ол
Басқаға ұқсап.
 
Қоламтаны қолымен,
Көсеп түбін,
Қопармайды біреудің
Кесектігін.
Есірмейді күшіктей төбетке ерген,
Кешірмейді ол ақынның есектігін.
Бір досы нар, əрине, бір қасы бар,
Бірақ оның ерекше,
Сұлбасы – ар.
— Есен жүрсін ақын боп өлер- дейді Ол:
-Еркектерге бергісіз ұрғашылар..

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *