ДУА

Құрбандарды ықласпен қабылдап,
Шырмалған мың құбылыс тұр.
Сағымда…
Ақыл есі жаңылған.
Сұм жалғанның жұлдыздары ағылған бөгде
əлемнің жанында.
Ойсыз қимыл құдіретін жасаушы
нүктелердің кеңістігі сабырлы, ə?
Полеозой кім?
Қураған піл сүйегі.
Сауыт киген мақұлықтар киелі.
Қилы аңдардың қыдыратын тұсында
Пəтуа мен имандар бар жүйелі.
Ешбір мықты еңсермейтін бес құрлықтың
қысында.
Бибондардың табанынан гүл сүйеді.
Шабыт – деген изен иісі масағы.
Бір табытты екіншісі басады.
Тоғыз құрлық төресімен жасанып:
Төбесімен жүргендерден қашады.
Жалқыстанның мұзы қызыл, жасаңы:
Тартыстардың нəжісімен арам сəуле
шашады.
Рухтар əсерімен жер аунар,
Жылы құрттар кесенесі ен аула.
 
Үр-дүние, кір-дүние теңі ауған.
Тірлікке ие һəм сеңі алуан.
Апат-əлем дамысынан десе де,
Əлем пірі, өлі аруақ.
Кісі киік клеткасыз кінарат,
Бұрын соңды бұрдықпаған тұралап.
Ғұмыр сорды езуінен ағызып, Плутонды
Пір тұтасың жүрегі ақ.
Мың мұрағат бір сұмдыққа сына һақ.
Сұңғыла боп жаралған ол туада.
Шертеді өзін жеті шаршы ықылым,
Ертеді арттан еңкіш баба тұқымын.
Сес: ай маңдай, шексіз күбір үкімі.
Ес рахат тағдырыңа түкіру,
Ал саназаттың дүбірі-кесірткенің
кердеңдеген тыпыры.
Қаныңдағы бар түйіршік жүйелі
Ғаділет пен қасіреттің жиені.
Жасырын жау түлкі кейпін киеді.
Құбылыстар құдіретіне мастанып, ібіліс
хан
Табытыңа сиеді.
Құмырысқа Империясы – улы ілімді бүйі елі.
Сендегі ойдың ағытады тиегін.
Сосын соғыс басталады қабатында
милардың.
Тосын сауал тағатын ап санатыңнан дилы
ардың.
Ашқарақ паң, харамдық һəм жалақы.
Қол иненің көзеуіне сиғанда тас параққа
жазылады бір ақыл.
 
Кесір жайлап ұлы төрін кең үйдің
Мұз таулардың дымы қалмай ериді.
Есіл майдан жібітеді еркіндіктің қасаңын
Жалғыз ғана далбаса өмір лебі игі…
Бөгде заман бөстегін сол жалмаса, жер мен
адам бір-бірінен жериді.
Жын айдаған жылдың басы жылу тым
Лайланған көлде өшер сұлу түн.
Құдай қағып құлдың таңы атпаса
Күнə арқалап күн кешесің жылымшы.
Мен де ғалам ғажабынан айниын, сен де
маған көрінбессің рухым,
Шеңбері арам сұры аспан, сұры аймақ.
Шер наладай гүл табады мұңайған.
Кең даланың кері желінін у кернеп,
Кейуана алап еңірейді құдайлап.
Шауқарға бақ, шарлап шаңыт аспанды
Ақылға ол құлайды.
Естің мəні ақ баран,
Ешбір ғалам аша алмаған қақпада.
Аузы ірің, араны аш афталар, дүниенің
езуіне қаптаған.
Ол, ол түгіл тандыр жалпақ тақтада, жан
арбаған сұлу жүрер жалғыз көзі қап-қара.
Түкті əлемнің сүт кенжесі сүліңгір,
Буддалардың кірпігі де жұмулы
Тін сорасы құмға тамған үгінді, жын
сорады тіліңді.
Ай түнерген, күн білтесі бұлыңғыр
құлағыңның арғы түбі құр үңгір.
 
Жұғың да жоқ жұмақтағы жұптардан,
Тек құбыжықтарға құт дарыған.
Бал ма, у ма келер несібең беймəлім
Сандалуға сарып болған мықты арман.
Қандауыр, қап, жарты құлаш ала жіп,
Арланудан құтқарған.
Аппақ дала ақ кебінді азынар
Африкалар ақырады жазы қар.
Күлгін жейде күллі əлемге жабысып,
Бір күн мейлі: күлге айналар қазына.
Қан топырақ қабатына мың жылғы із
сақталып.
Жапыраққа жаспен өлең жазылар.
Бір ғажабы бей уақыт қабағы,
Қаһарланса жан оттығын шағады.
Жасыл мəрмəр үлбіреген жабағы,
Отқа қызыл күн кетігін жағамыз.
Оқ тағылым жаңармайтын күн тізбесі не түрлі.
Көк тамырдан нəр алмастан лепірді.
Мəңгі ғұмыр кестесінің сабағы-
Хан мейірі ұсынады дананы.
Сол ғайыптан бір шөкім от жанады
Тағдыр күлік таста ойнаған тағалы.
Қарсы алдымда қасиетті самала
Жалғыз дана жұмыртқа өсер жағада.
Міз бақпаған ыждаһатсыз мүскін бе ем?
Сыздап ғана түшкірген.
Без қатпарың су жайлаған күшті індет.
Боздақтарды алды олар үш бірдей
Жез батпанды дулығалы бас жатыр
Мезбақ тағы үстінде.
 
22.03.1993
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *