Зəр нəпсісі қызыл көрген «қаршыға»
(Сұлулық та сұқтануға таңсық, ə?)
Ар сабынын көбік етпей езе біл
Аңсарыңды сəл тежегін, сəл шыда.
Ақыл есті, ақыл есті қамшыла!
Ахилестің өкшесімен жаншыма…
Обал-сұбап жатқан орын бей таныс.
(Қолаңса ма қауып тұрған қолқаны)
Тобарсыған махаббат па қаңсыған…
Ұшыну ма, тұшыну ма дуалы?
Қысылудан, қыстығудан қуарып,
Мүсілімдік,
мүскіндікті қуады.
(Уа, бір сəттік шала өлім…)
Ұят сіңген беттің арын ең соңғы,
Көздің жасы жуады.
Тəн желігіп,
Ышқынуда қан ысып,
Ышқырыңда сансыз пəле алысып…
Тулаған соң бар тамырдың ағысы
Буланасың –
Уға қосып бал ішіп.
Ожданыңның «бел күшіндей»
Зар илеп:
Қозғал ындын, боздақ өскен бос теріні шала илеп.
Тозғаныңның белгісіндей мəңгілік,
Өз қаныңның дəмін тату ғанибет!
СҰРАҒАН РАХМЕТ