Жаратушым сақтағай
Кем етуден,
Рухымды, санамды
Жебетуден.
Тұл өңірдің қураған
бұтағындай
Жүрегімді түртеді
Жер – Етуген.
Жер — Етуген бабалар
құрбан шалған,
Жер етілген дəл сонда
Бір қанша арман.
Тауға өрмелеп,
Тас сүйреп,
Тамұқ кешіп,
Балық төстер қаңсыған,
Ылғал – шаңнан.
Зауза – муза баз кешкен,
Сарыатанда.
Жалбарынған
қызыл қан алақанда
Жалмағанын тас етіп,
Құбылтатын
Таң қаламын сол кезгі
Тараханға.
СҰРАҒАН РАХМЕТ