КҮЙІК БАҚЫТ

«Өмір дегеніміз біз ойлағандай жақсы да,жаман емес»
                                                                     Мопассан.
…Əлдекімдер əн шырқайды, азынайды, жылайды,
Салқын қайғы мəңгі-бақи
Адам жанын сынайды….?
Бақыт қайда?-
— Ит біле ме?…
Аясында сұр Айдың
Құдіреті ол құдайдың.
Дəулет, үмбет,
Нəубет үрлеп бір айбын,
Арсыз маймыл ағаш бүрін сыбайды.
Зəр шашырап,
Тал шашына былайғы
Мұң айығып,
Ар жасыған сыңайда.
Пышағының жетесі алтын қарақшы
Қан сасыған құшағыңа
Құлайды.
Жер қатына,
Жер қатына қабағат,
Тер татыған өседі аппақ,
Таба нан.
О, тағылым,
Мүрдем, тегім, садағаң,
…бірақ,
Бірақ,
Түсінбеймін
Мүлдем сені,
Адам-аң.
Аулақ ібіліс.
Өшір қазір қараңды.
Тау манаурап,
Көсілді түн қараңғы.
Аумақ-саумал,
Айдан тамған атау-нəр.
Сұм бостанды,
Аулаңа кеп қамалдым.
…Қапас түнек,
Өлара шақ таң алды.
Таң алдында,
Жаның-жасық,
Жанар-мұң.
Қаның қашып,
Қайнап-қайнап аласың.
Жан-тəніңді арбап жатса арамдық,
Қарсы алдымда,
Тамсандырған қараң күн.
Келешегім келте құйрық,
Алаңмын!
Ұйықтамаймын бақан тіреп
Кірпікке:
Юстиция
аң-ойымды
Үркітпе…
Ит жалайды жарамды,
О, рухым,
Шарықта əм шарықта,
Еменжарқын,
Пендеге тəн жарықта.
Жерік жерде
діні берік,
ділі кемік тобырмен,
Тірі өлік – денем қалсын тамұқта…
 
 
 
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *