Ашаршылық

Шешем Қарағандыға бара жатып жолда өліпті…

1932 жылы елдегі ашаршылықты естіп, жолға шықтым (Онда Ленинградта оқып жүрген кезім).
Фрунзеге келгенде жүрегім сыздап сала берді.
Босқындар (қазақтар) көшеде жүргізбейді. Көбісі – Солтүстік аймақтан. Шыдай алмай, Қырғызстан атқару комитетінің председателіне келдім. Қолымнан келген көмегім сол ғана.
Содан Алматыға бет алдым. Голощекинге кіру қауіпті. Елдің өз астығын өзіне қимау не сұмдық.
Елге жетсем, ауылдың орнынан басқа ештеңесі қалмапты. Шешем Қарағандыға бара жатып жолда өліпті.
Арғы атамыздан қалған араб, монғол, түркі тілінде жазылған, кейі өгіз терісіне басылған жазбалар бар еді. Оның баршасы жоғалыпты.

(Әлкей Марғұланның естелігінен)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *