ӘЖЕМІЗДІҢ АЙТҚАНЫ

Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Күннің нұрын, құлыным, пейіліңе құй, – деген.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Жақсылардың ақылын зейініңе құй, – деген.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Ілім қуу, қарағым, құдық қазу инемен.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Адамшылық, қарағым, адамзатқа сый, – деген.
Бәріміздің әжеміз айтқан бізге ортақ гәп –
Біреумізге кешірек, біреумізге ерте аздап.
Елдің қамын ойлаған,
Жердің қамын ойлаған
Әжемізді сыйласақ,
Қалай ғана ел азбақ,
Қалай ғана жер тозбақ?!

Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *