Сәкен, Мағжан жырлаған бұл Көкшетау,
Айта алмассың оған қарсы ешбір дау.
Ақын болып аяқ басып жүрген соң,
Маған да ұят туған жерді жырламау.
Қалай ғана мен жазбаймын, жоқ бұны,
Бұл Көкшетау шынымен жер шоқтығы.
Шал ақынның, Сәкен, Біржан мекені,
Өз жырларын арнап өткен отты ұлы.
Бұл Көкшетау Абылайдың мекені,
Қайтарған ол жоңғарлардан есені.
Мына тұрған ерекше тау Оқжетпес,
Қанша атсаң да оғың жетпес деседі.
Мына тұрған Жұмбақтасың сыр тұнған,
Тамсанады көрген адам сыртыңнан.
Табиғаты көздің жауын алатын,
Міне, осындай Көкшетауым жыр тұнған.
Таулары бар құпиядан жасалған,
Кім бар екен сол таулардан аса алған.
Нұрлы аспан, мөлдір тұнық ауасы,
Сондықтан бұл Көкшетау деп аталған.
Табиғаты дидарлы қыз кекілді,
Қайыңдары биші қыздар секілді.
Қарағайы тұнып тұрған сұлулық,
Кіріп кетсең жоғалтасың есіңді.
Бұл Көкшетау арқау болған әнге де,
Қоссаң атын кетеді өлең әрлене.
Міне, осындай Көкшетаудың бейнесі,
Сұлулығы айқын барша әлемге.
Қуаныш Мирас