ТАҢ

Бозала таңда бозторғай әлі шыр етпей,
Тып-тыныш дала тұмшанып шыққа сүмектей,
Жылыстап алып, жарығы налып жұлдыздың
Қалтырайды кеп баяу бір соққан жүректей.
Ұйықтаған бұлттар ұйтқыған желмен жайылып,
Тазарады аспан нұрына талғақ шайынып.
Сейілмей салқын соныға түсіп топ жылқы,
Қотанда қойлар күйісін соңғы қайырып.
Бозторғай ұшып, үлгірді сәтте сайрап та,
Қарашықтай құс қайда жүр өзі, қай жақта?
Табиғат – уыз, шайқалып кетті шелегі,
Әлден-ақ кейін айналып кетті қаймаққа.
 

Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *