Көкшетау

 

Кербез Көкше, өр мәртебең самсаған,
Жан жоқ шығар Бурабайға бармаған.
Ақан сері, Біржан салды үлгі қылып,
Талай ерлер іздеріңді жалғаған.

Қиын кездер бастан өткен жылдары,
Сонда елім сағың сенің сынбады.
Ботадайын боздап жүріп аналар,
Қасқайып кеп батыр болды ұлдары.

Бұқпа тауы ғажайып сыр шертеді,
Бәрі әдемі сияқты бір ертегі.
Оқжетпестің сұлулығы жан баурап,
Жүректегі қалың мұңды ерітеді.

Кербез Көкше мен үшін ол Астана,
Ерсі болып көрінгенмен басқаға,
Қариялар тарихыңды айтқанда,
Мақтанады үлкен-кіші, жас бала.

Жұмбақтасым жұмбақ қылған дерегін,
Мың ойланып сан толғанып келемін.
Ақан сері әнге қосып атыңды,
Арттырмап па еді талай жерде беделін.

Түнгі қала адам жаны баурайды,
Көшелерде көлік көптеп заулайды.
Көкшетаудай жазу жаққа қарасам,
Голливудтан ешбір жері аумайды.

Көктем келіп Қопаға су толғасын,
Жырлай берем жанға жақын болғасын.
Мәңгі болсын ғұмырыңыз әрдайым,
Жаратқан жар боп құдайым өзі қолдасын.


Балтабаев Абзал

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *