ҚАБАН АҚЫН МЕН ҚОЯННЫҢ АЙТЫСҚАНЫ

Қабан:
Көкше қоян, келесің құмды жанап,
Сүйел аяқ келеді сені қалап.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая берме онша бойың балап.
Қоян:
Қаршығаңды сала бер, ақын Қабан,
Көкше қоян көрінсе бейлің жаман.
Маған десең қоянның мыңын алдыр,
Әлі шүкір құдайға басым аман!
Қабан:
Қасыңа көкше қоян барамын-ақ,
Қаршығамды көрсетіп саламын-ақ.
Жалың қара шеңгелге кіргеніңше,
Қаның судай ағызып аламын-ақ.
Қоян:
Әрине, дала жерде аларсың-ақ,
Тырнағың айқастырып саларсың-ақ.
Қалың қара шеңгелге кіріп кетсем,
Отырып орным сипап қаларсың-ақ.
Қабан:
Секектеп, көкше қоян, жүрсің саяқ,
Ашықта жүрсең саяқ жерсің таяқ.
Сөйлесіп тұрып едім мен сені аяп,
Теріңді аласың ба қанға бояп?
Қоян:
Жеген теріскен кетпейді тісімдегі,
Қызыққаның терім бе үстімдегі?
Ішімде жеті қоян көжегім бар,
Мен өлсем, о да өледі-ау ішімдегі

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *