Ғабдулині қазақтың тірі мәңгі!

 


Қара өлеңмен көмкеріп қайсарлығын,
Ерендігін еңсеріп айтам бүгін.
Ұрпағының атынан Ұлы адамға
Туды бүгін мың алғыс айтар күнім.
«Алтын жұлдыз» қадаған кеудесіне
Қазақ қалай ұмытсын қайсар ұлын!

Сара жолын ғылымның бағындырдың,
Дара болдың, баршаны табындырдың.
Мәлігі боп туылып ата-анаңның,
Жарығы боп халықтың жалын қудың.
Әдебиетте әдемі өрнек салып,
Есіл аға, еліңді сағындырдың.

Қан майданда ел-жұртты елеңдеткен
От ыстаған кеудеңе жырым дәрі.
Сендік талант, сендегі өр ерліктен
Мендік бұла шабыт та шынығады.
Өлмейді аты, тек қана өмірі өткен


Қанды соғыс, ол көрген ауыр-ды жыл,
Қиын сәтте батыр боп танылды бір.
Алтын жұлдыз кеудеге тағынғанда
Жүрегінде халықтың жағылды нұр.
Мәңгі өлмейтін қазақтың қаламгері
Көркем Көкше жерінің Мәлігі бұл!

Сағынған Диана

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *