Жастық шақтан білім алып,талпынған,
Қазағымның үлкен жүгін арқалаған.
Өмірдің бал күндерін көре алмай,
Бейбіт күнді Мәлік ағам аңсаған.
Ғұламасыз ел мақтаны өзіңіз,
Таусылмайды,сіз жайлы айтар сөзіміз,
Ел ардақтап жүретұғын ең сыйлы.
Көкшетаудың асқақ шыңы өзіңіз,
Қан майданда қинап, жанды аямай.
Шайқастарға сіз шықтыңыз тайсалмай.
Сол кездегі аса қатал өмірге,
Қарсы тұрып күрестіңіз мойымай.
Жан дүние, ғылым үшін жаралған,
Ерлігіңе таң қалады бар адам.
Қас-достардан асып түсіп өрлеген.
Өзің үшін Мәлік ағам мақтанам.
Шәкірттерге білімді сусындатып,
Ұстаз бола білгеннің өзі бақыт.
Сол бақыттың мәнісін түсінген,
Батыр едің дара едің өзің Мәлік.
Сегіз қырлы,бір сырлы Мәлік ағам,
Өз ішінде тағы бір дарынымен дараланған.
Ұлттық фольклорға үлес қосқан,
Жазушылық қасиеті де бар адам.
Асқақ рух, бай мұраң бар өмірде,
Еңбегінді көп сіңірдің еліңе.
«Біздің Мәлік»атандырған халқымыз,
Бас иеміз даңқына мәңгіге!