Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.
Көп көрген –нұсқа,
Көп істеген –ұста.
Көп істеген –құп істейді
Көк инемен көктеу білмейді.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
Кеңесіп пішкен тоң келте болмас.
Керсеңді алдыңа қойдым,
Кездікті қолыңа бердім.
Күрекке жұмыс табылар.
Кәсібі бөлектің несібі бөлек.
Кедейшілік кетсін десең,еңбек ет,
Молшылық жетсің десең,еңбек ет.
Көп еңбегі көңілді.
Көрнекті іс көмілмейді.
Күш жақсы,күштен іс жақсы.
Күшіңе сенбе,ісіңе сен.
Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзгі күнгі мың дән.
Кезі келсе,кетпен шап,
Майрылмаса, қайырлсың.
Күндіз қойын күтерсің,
Түнде жүнін түтерсің.
Көрінген төбенің алысы жоқ,
Көтерген жүктің ауыры жоқ.
Кетпенім сай,шотым сай,
Қазсам суға кетермін.
Атаным сай,атым сай,
Көшсем нуға жетермін
Күздік ексең,үздік ек.
Көңілсіз басталған іс көпке бармайды.
Келісті сөз- күміс,
Жемісті жұмыс-алтын.
Көрген көргенің істейді,
Көсеу түрткенің істейді.
Күмісті күптесе,алтын өз аяғымен келеді.
Көп іздеген, көмбенің үстінен шығады.