Ұнамай тұр-ау бүгін сенің демің,
бар
еді, жүрек, шіркін, не білгенің?
Бата
ма ел сөзіне ергенім де,
дос
тұтып келгенім де көрінгенін?!
Тапсам да дауасы жоқ көңіл емін,
еркімді өзіңе бір беріп едім, –
асаудай оқыранып айналаңа,
кімдерден жиіркеніп, жерімедің!
Кімдерден теріс кетіп, түңілмедің,
жарай ма осыншалық бүлінгенің? –
…Ат ізін салмай кеткен ағайын да
түсіме кіріп шықты бүгін менің!
Сәкен Иманасов