Мақал-мәтелдер

Көше білмеген көлік өлтірер.


Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.


Күз суғар,күз суғармасаң,жүз суғар.


Кезегі келсе,кетпен шап,
Орайы келсе,орақ ор.


Кемешінің үйі ақ жоңқа.


Көк темір көре өлтірмес.


Көңілсізден көтсіз бала туады.


Көш көлікті,көрікті болсын.


Көрген жерде ауыл бар.


Көршің болсын- бар болсын,
Мейлі сараң,тар болсын.


Күйі бірдің күні бір,
Үйі бірді шиі бір.


Киіз кімдікі болса, білек сонікі.


Көлікті артқан өлтірмейді,тартқан өлтіреді.
Кеңесті ел –кеммес.


Кеңесті елде кек болмас.


Көлден кетсе жалбыз мұң,
Елден кетсе жалғыз мұң.


Көп Құдайдан бір жасы кіші.


Көл –саладан,
Сай –жырадан,
Ел –жас ұланнан құралады.


Көшкен жұрттың қадірі қонғанда өтер.


Көтермеген болса,жұрт жаман.


Көш бастаған серкесі болмаса да,
Ел ішіндегі еркесі.


Қазсам суға жетермін.


Атаным сай ,атым сай,
Көшсем нуға жетермін.


Күздік ексең үздік ек,
Кетпенім сай, шотым сай.


Құдығына қарай қауғасы,
Базарына қарай саудасы.


Кетпеннің басын бассаң,
Сабы маңдайына тиер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *