Жалқаулық, кәсіп, еңбек туралы мақал-мәтелдер

Жортқан озар,жатқан қалар.


Жеріне қарай егін ек,
Жолына қарай жегін жек.


Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.


Жан аяған жау жене алмас,
Еріншек егін ала алмас.


Жаман болатын жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер.


Жалықпаған жау женеді.


Жалғанға жалқау нанады,
Я болмаса аңқау нанады.


Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.


Жалқаудың жауы – жұмыс.


Жалқауға күнде мейрам.


Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер.


Жалқау өзіне –жау.


Жалқау тек жатар,
Сатқанның ырзығы артар.


Жездің жайын зергер білер.


Жаман ұста жанынан.


Жаман етікші біз таңдайды.


Жүрген дайра, отырған бойра.


Жалқау пішпеген малдан дәмелі.


Жылай- жылай арық қазған,
Күле-күле су ішер.


Жер жастанып,су сүйеніп.


Жаман өзен сай қуалай ағады.


Жер –ырыстың кіндігі,
Еңбек –ырыстың қазығы.


Жас күніңде еңбек қылсаң,
Есейгенде жетілерсің.


Жалықпаған жау жеңеді.


Жабағы жүнді түтуден ерінбе,
Жабағы тайды күтуден ерінбе.


Жаңбыр -көктің ырысы,
Қымыз -көптің ырысы.


Жалқаудың малы жазда да көтерем.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *