Бірінші сауалға жауап:

Ұлытау мен қар ортақ,
Жалғыз туған балаға
Әке мен шеше ортақ.
Әуе менен бұлт ортақ.
Ай менен Күн ортақ,
Бақа менен көл ортақ.
Өткел менен жол ортақ,
Теңіз бенен су ортақ.
Түтін менен бу ортақ.
Тілі шықпай ойнап жүрген балаға
Неше түрлі бәле ортақ.
Босаға менен күң ортақ.
Рәсүл мен нұр ортақ.
Аспан менен жер ортақ.
Өтірік пен шын ортақ.
Жақсылық пен жаманшылық бұл да ортақ.
Екінші сауалға жауап:
Бірінші – бір құдай мен дін жұпты.
Екінші – туған ай мен күн жұпты.
Үшінші – ерлі-зайыпты адам жұпты.
Төртінші – қара күң мен құл жұпты.
 
 
Бесінші – артқан жүк пен нар жұпты.
Алтыншы – жаққан от пен пісіріп жатқан ас жұпты.
Жетінші – жаңбыр менен сел жұпты.
Сегізінші – аспан менен жер жұпты.
Тоғызыншы – атқан таң мен батқан күн жұпты.
Оныншы – дию менен жын жұпты.
Он бірінші – жақсы менен жаман жұпты.
Он екінші – төбе менен ой жұпты.
Он үшінші – қасқыр менен қой жұпты.
Он төртінші – өлі менен тірі жұпты.
Он бесінші – бақа менен көл жұпты.
Он алтыншы – алыс пенен жақын жұпты.
Он жетінші – жырау менен ақын жұпты.
Он сегізінші – Ерлер менен Ел жұпты.

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *