Жұмыс, жалқаулық, еңбек туралы мақал-мәтелдер

Еңбекпен ер өседі,
Егізбен төл өседі.


Еңбек ет те,егін қыл
Жарымасаң маған кел.


Белді бу да,бейнет қыл,
Байымасаң маған кел.


Ердің атын еңбек шығарар.


Ер-егіз,еңбек-жалғыз.


Епсіздің еңбегі еш.


Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.


Ер еңбекке бір түйсін.


Еңбек-өмірді ұзартады,
Ұят-бетті қызартады.


Жалғыздық-жарлылық,жалқаулық-сорлылық.


Жалқауды малға жұмсама,тоздырады,
Аңғалды аңға жұмсама,бездіреді.


Жалқауға бүгінгіден ертеңгі оңай,
Қорқаққа пана болмас қалың тоғай.


Жасында жалықпаған,
Қартайғанда тарықпайды.


Жарғақ құлағы жастыққа тимейді.


Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.


Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбегімен ер көгерер.


Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ,
Жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ.


Жаман етікші біз таңдайды.


Желмен жарыспа,көлеңкеңді қума.


Жоқтан бар жасап,топырақтан қар жасап.


Жер-байлықтың көзі,
Еңбекқор-иесінің өзі.


Жетесізге айтқан сөз,
Желмен бірге кетеді.


Жер астында алтын бар,
Қаза берсең табасың.


Бау бар жерде жеміс бар,
Кеулей берсең табасың.


Жалғыз жаңқа жанбайды,
Жалғыздықтың ісі оңбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *