ШІРІМЕС АЛТЫН ЖЕРДЕ ЖАТҚАНМЕНЕН

Шірімес алтын жерде жатқанменен,
Оқ жетпес ажалсызға атқанменен.
Жаманға сөз, жалқауға таяқ өтпес,
Астарлап қаншамалап айтқанменен.
Тас жібіп, таспа тегі қайтсе болмас,
Дарияда жыл он екі ай жатқанменен.
Өткен күнде белгі жоқ қанша айтсаң да,
Қызыққа нешеме дүр батқанменен.
 
 
 

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *