Еңбек, іс, кәсіп туралы мақал-мәтелдер

Ет дегенде бет бар ма?
Еңбек ептілікті сүйеді.


Екі моллаға бір таба нан не болсың.


Есектің артын жусаң да, мал тап.


Еңбегі ештің –күні кеш.


Ерінбеген елекпен су ішеді.


Еңбекқорға әр күн сәт,

Еңбексізге бір күн сәт.


Ер өнерімен мақтансын.


Еңбек етем десең ерінбе,
Өнер үйренемін десең жерінбе.


Еңбек –адамның көркі,
Адам –заманның көркі.


Елгезек екі айтқызбайды.


Еңбексіз өмір-сөнген көмір.


Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтерер.


Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.


Есесі қайтқан еңбек игі.


Еңбек- ырыстың бұлағы,
Бақыттың шырағы.


Емініп тапқанның
Екі көзі шығады.


Еңбекпен тапқанның
Екі бүйірі шығады.


Еңбегі аздың-өнбегі аз.


Егінді дөңге сал,дөңге салсаң көңге сал.


Егінші елдің баласы арық қазып ойнайды.


Егеуді егеуге салма, түрпісі кетеді.


Егінші жауында тығылады,
Екі қолға бір күрек табылады.


Ексең егін,ішерсің тегін.


Еңбек ет те, міндет ет.


Елдің бәрін киіндірген иненің өз иіні жалаңаш.


Еңбек еткен –мұратқа жеткен.


Етікшіден құлаш қаш:бізі тиер көзіңе,
Сөзі тиер өзіңе.


Ертеңі көбейген істе береке болмайды.


Еңбек адамды бүтіндейді,
Жалқаулық адамды түтіп жейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *