Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт
Сағыр менен
Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт
Қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт
Уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігітті, ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген –
Еменәлі
Керейде ер Жабайды айт!
Тәтіқара ақын