Ер тынысы –еңбек
Ез тынысы-ермек
Ерінбегеннің саулығы егіз,
Қозысы семіз.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Еріншекке жоқ сылтау.
Еріншектің қолы жетпейді
Үлгісіз нұсқа бітпейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесен жерге өкпелеме.
Еңбексіз өмір жоқ
Ауырсыз жеңіл жоқ
Еңбегің сайлы болса
Ішің майлы болады.
Еңбегі ештің тұзы сор.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Егін егсен тыңға ек,
Онан өнер егін коп.
Еге білсең, егін тасқада шығады,
Егін ырыс таңдамайды,еңбек таңдайды.
Екі тізгін,бір шылбыр
Екі жеп,биге шыққан.
Егіле сүйген елжіретер,
Ақыры бір күн еңіретер
Ақыры бір күн еңіретер
Еңбек шаһар түзедеді
Еңбексіздік жүдетеді
Еңбек пен бақыт егіз
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Егіңдікті күзде суар,
Күз суарсан.жүз суар.
Ескерген ескі асынан сақтар.
Ет асса, нан қалмайды.
Екі бас , екі басқа малта да ас.