Ермек қуған пәлеге жолығады.
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Еңбек етсең, ерінің асқа тиер,
Еңбек етпесең,кетпенің тасқа тиер.
Егінші -мәрт, жер- жомарт.
Еңбекқордың ерні майлы,
Жалқаудың басы қаңғы.
Еңбектен қашқан,дөңбекке жолығады.
Екі қолға бір күрек.
Еңбек түбі-береке,
Көптің түбі-мереке.
Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.
Ердің атын еңбек шығарар.
Ер дәулеті-еңбек.
Ескі байдан жұрт қалмас,
Жаңа байдан шөп қалмас.
Ер еңбекке бір түйсін.
Еңбек патшалықты асырайды.
Есің барда етек жап,
Қайратың барда мал тап.
Ер-егіз, еңбек-жалғыз.
Епсіздің еңбегі еш.
Еңбегің –дәулеттің.
Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.
#мақалмәтел