Батырлық, жігіттік, ерлік туралы мақал-мәтелдер

Есебін тапқан жігітке ердің құны түк емес.


Жалғыз болар жігітке , бедеу қатын тап болар.


Жанын аямаған жау алады,
Малын аямаған дау алады.


Жауды күшті деме,
Ерлік етсең жығасың.


Тауды биік деме,
Талап етсең шығасың.


Жақыныңнан жау шықса,
Жаныңды қояр жер таппайсың.


Жарым жігіт жаяу жүріп, тың киікті қуады.


Жау жеңетін жігттің,
Жарағынан танылғы.


Жер алған – ер,
Жер сатқан – қара жер.


Жомарт бергенін айтпайды,
Батыр айтқанынан қайтпайды.


Жүйрік – алысқа, жігіт – намысқа.


Жігіттің жаманы той бұзар,
Адамның жаманы үй бұзар.


Жігіттің сөзі өлегенше,
Шайтанның мойны сынсын.


Жігітке жетпіс өнер де аз.


Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ар-намысы – мың жылқы.


Жігіттің малы жер астында.


Жігіттің бәрі амандықта,
Қашады бөркін тастап жамандықта.


Жігіт көзімен қыз алма.


Жігіттің сөзі өлегенше,


Өгіздің өзі өлсін.
Жігіттің сөзі бір.
Жігіт болсаң, батыр бол,
Жау жеңгендей жапырып.


Жігіттің жағы сынса да, сағы сынбасын.
Жігітті қартайтатын:
Өтпес пышақ, жүрмес ат, жаман қатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *