Батырлық, ерлік, жігіттік туралы мақал-мәтелдер

Батыр қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.


Батырдың сөзі мың теңгелік.


Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, майрағын айтар.


Шаруадан кеңес сұрасаң,
Ботасы мен тайлағын айтар.


Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен қайрағын айтар.


Басына бақ қонған жігіттің –
Ұлы епті, қызы көрікті болады.


Бидайдың тіктігі – дәні жоқтығы,
Жігіттің тіктігі – ақылы жоқтығы.


Бөрі соғар жігіт бөрігінен белгілі,
Жау алатын жігіт серігінен бергілі.


Бойдақ жігіт – жұрт күйеуі.


Бойдақтың ақылы екі көзінде.


Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.


Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан,
Бір жігіт бар – жігіт жан.


Білім алар жігіт,
Елдің атын жалғыз шығарады.


Ел сүйген ерге өлім жоқ.


Еліңді сүйсең ерлік істейсің.


Ер жігіттің аты жақсы болса – бір бақыт,
Алған жары жақсы болса – мың бақыт.


Ер жігіттің қадірі өлегенде өтер.


Ер жолдасы — сапты аяқ.


Епті жігіт бір қойдан екі төстік алады.


Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды.


Ерден туған ер болады,
Жаманнан туған қара жер болады.


Елді ер өркендетеді,
Қаланы шебер өрендетеді.


Ерлік елің үшін,
Босқа кетпес берген күшің.


Ер – елдің көркі,
Өсімдік – жердің көркі.


Ердің ерлігін білмеген,
Елдің бірлігін білмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *