Дос берсе – жарын берер,
Аруақ берсе – бәрін берер.
Жүйрік атқа мінген Құдайын ұмытар.
Жалғыздың жары Құдай.
Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.
Жаны күйген Тәңірін қорғайды.
Жыртық үйдің де Құдайы бар.
Жартқанның назары,
Не жақсыға, не жалғызға түседі.
Жалғыздық Құдайға жарасар.
Жаны күйген Тәңірісін қорғайды.
Жақсы да Құдайға керек.
Жарымды алған Құдайдың келіні мендей жыласын.
Дуананың ойында да бір нәрсе бар.
Кірсіз – ай,мінсіз бір – Құдай.
Көпке тентек – Құдайға шет.
Киімі жаманды ит қабады,
Пейілі жаманды тәңірім табады.
Кірсіз күн мен ай,
Мінсіз бір – Құдай.
Кісіден сұрағанның екі көзі шығады,
Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады.
Көпке ұнаған Құдайға да ұнайды.
Күштіге сыйынсаң,Құдайға сыйын.
Күштіде Тәңір жоқ.
Көкте – Құдай,жерде – құмай.
Күнәсін мойындағанды
Құдай да кешіреді.
Құдай алдында бай да,
Кедей де бәрі құл.
Құдайсыз қурай сынбайды.
Қорық Құдайдан,қайт райдан.
Құдайдан сұрасаң кешірер,
Кісіден сұрасаң,екі көзіңді өшірер.
Қүдайдың бір аты – халық.
Құдай бір айналдырса,
Шыр айналдырады.
Құдайға құрмет елдің салты,
Еліңе құрмет ердің салты.
Құдайға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.
Құдай азды,көпті берсе де,
Нығыметіне тәуба қыл.