Алла, иман, құдай туралы қазақша мақал-мәтелдер

Адам асыққанмен, Алла асықпайды.


Алла кешірер,аруақ кешірмес.


Адам ойлайды,Құдай шешеді.


Адамсынған сопының үйінен алты доңыздың басышығыпты.


Аспанда бұлт бар,
Құдайдан үміт бар.


Арамды Құдай табады.


Адамның айтқаны болмайды,
Алланың дегені болады.


Аспаннан тілегенді жерден таптым.


Аруақ түбі жын болады.


Аруақ аттаған – оңбайды.


Аруақты жерден ат үркеді.


Алла,бергеніңді алсаң да,береріңді алма.


Алла деген арымас,
Алласыз пенде жарымас.


Адам айдаса – барман,
Алла айдаса – қалман.


Алланың:
“Берейін” – деген құлына онан – мұнан құралар,
“Бермейін” – деген құлының жалғыз атын ұры алар.


Әулие де қасындағысын қолдайды.


Әулиеден бас жесең,
Жүре – жүре тас жерсің.


Әулие әуелі өзін жарылқасын.


Әулие атанған оңбайды.


Әр Мұсаға бір перғауын.


Әркімге қарсы келме,
Күніңе кемшілік келер,
Моллаға қарсы келме,
Дініңе кемшілік келер.


Әулие сандықты көтеретін түйе.


Әкемді алған Құдайға сенбеймін.


Әулиеге әуеден нұр тамады.


Әр молла білгенін оқиды.


Басты берген Құдай – асты да береді.


Біле тұра қателессең – күнә,
Құдайдан қорықпағаның.


Білмей қателессең – күнә,
Періштемен ақылдаспағаның.


Берейін деп Құдай тұр,


Бергенінше шыдай тұр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *